Оқу-сауықтыру орталықтар (кешен) қызметінің қағидалары мен ішкі тәртіп ережелері.
 Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.07.2019 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 45. Оқу-сауықтыру орталықтарының қызметі (бұдан әрі - ОСО) - баланың жеке тұлға ретінде толық дене бітімінің, психологиялық және рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасауға бағытталған.
 46. Ауысым ұзақтығы 15 және 20 күнді құрайды.
 47. ОСО оқу процесіне қатысушылар - шығармашыл балалар, ұлтаралық, республикалық, аймақаралық, қалалық мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары, шығармашылық байқауының қатысушылары, медициналық және педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар (басқа да жас өспірімдердің заңды өкілдіктері).
 48. ОСО мақсаты:
 денсаулық сақтау, білім, тәрбиелеу саласында бала құқығын, жеке тұлғаны дамыту және кәсібін анықтауды қамтамасыз ету.
 49. Жоғарыда көрсетілген ОСО мақсатын жүзеге асыру үшін орындалатын келесі міндеттер:
 1) қоғам өміріне балалардың әлеуметтік бейімдеу, еңбек және басқа өмір дағдыларын қалыптастыру;
 2) балаларды тәрбиелеуде құқық бұзушылық пен қылмыстықтарды, жағымсыз әдеттерді, инфекциялық және басқа ауруларды алдын алу, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;
 3) мәдени әлемдік көзқарас, белсенді азамматтық ұстанымды қалыптастыру;
 4) ғылыми-техникалық, көркем шығармашылықта, спортта, туризмде, өлкетану мен басқа да танымдық әрекеттерде инженерлік-техникалық құзыреттілікті арттыру және тереңдету.
 5) өмірлік дағдыларды тәжірибеде қолдану.
 50. ОСО қызметінің нысаны:
 1) сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша кешендік шараларды жүзеге асыру;
 2) жасөспірімдер мен балаларды сауықтыру және белсенді демалуы;
 3) жасөспірімдер мен балалардың демалуында, сауықтандыру уақыты кезеңінде білімдік бағдарламаларды игеруі үшін қажетті жағдай жасау;
 4) ОСО балалардың халықаралық және республикалық мәдени-бұқаралық, спорттық, ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар және басқа да жұмыс түрлерін жүргізеді.
 51. ОСО жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесімен бекітіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшылық туғызбауы керек.
 52. ОСО материалдық-техникалық базасының дамуы мен құрылуы құрылтайшылардың қаржылық шотынан, ақылы қызмет көрсету негізінде түскен түсімнен жүзеге асырылады.
 53. Оқушылардың әлеуметтік бейімделу және білім беру процесінің үйлесімділігі мақсатында ОСО-нда әлеуметтік педагогикалық, психологиялық және медициналық қызмет құрылады.
 54. Балаларды медициналық көмек көрсетумен қамсыздандыру ОСО басшысына жүктеледі. ОСО-да медициналық қызметкерлердің қызметіне қажетті жағдайлар туғызу мен бөлме беру, сонымен қатар балалардың денсаулығын нығайту және қорғау мақсатындағы жұмыстарды бақылау ОСО басшысына жүктеледі.