Оңтүстік Африкадағы футболдан алаулатып, жалаулатып өткен Əлем біріншілігі күтпеген құбылыстар мен тосын оқиғаларға толы болғаны сондай, жанкүйерлер есептерінен əр ойын сайын жаңылысып жатты. Мəселен, біріншіліктің финалдық бəсекелеріне дейін барып қалар деп жорамалдаған азуы алты қарыс Ұлыбритания, Италия, Франция құрамалары сегізден бір финалдық бəсекеге жете алмаса, аяқдоптың «құлағында» ойнайтын Аргентина мен Бразилия құрамалары жартылай финалға жете алмай сүрініп жатты.
Демалыста облыс орталығы Ақтөбеден 230 шақырым жердегі Жиренқопаға барған болатынмын. Онда Қобыланды батыр кесенесіне тағзым еттім. Көрген-білгенімді достарыммен бөліссем деймін.
Қобыланды батырдың кесенесі ғажайып құрылыс екен. Сызбасын сызған сəулетші Бек Ибраевтың айтуына қарағанда, Қазақстанда бұдан биік кесене жоқ. Жерден жоғарыдағы айшығына дейінгі биіктігі – 17,5 метр. Сыртқы қышына дейінгі диаметрі де осындай өлшемге тең.
Қобыланды батыр кесенесі.
əніқалайтуған
Бұл күнде Ұлы Абайдың «Айттым сəлем, Қаламқас» өлеңі мен əнін білмейтіндер бірен-саран. Əн ойын-тойларда махаббат гимніне айналған.
Осы əн мен өлеңнің Қаламқас есімді қызға ар-налғаны даусыз. Осындағы Қаламқастың кім екені, қай елдің адамы екені «Абай жолы» эпопеясында да айтылмайды. Сонда Қаламқас кім? Толығымен…
(Cоңы. Басы өткен санда.)
4. Белиздегі “Алып көк шұңқыр”.
/Great Blue Hole Belize/
Белиздегі табиғаттың ерекше кереметі саналатын “Алып көк” атты қазан сияқты шұңқыр Белизден 60 шақырым алыста орналасқан. Дүниежүзінде осы тəріздес табиғи көк шұңқырлар көп болса да “Алып көк” сияқты таңғажайып алыбы жоқ екен.
Жуырда өзінің сүйікті журналының редакциясы қызметкерлерімен жақыннан таныспақ ниетімен бірнеше оқырманымыз келген еді.
Сол қонақтарымыздың бірі Нүрилə ӨМІРЗАҚ. Нүрилə Қызылорда қаласындағы № 140 орта мектептің шəкірті, «Мөлдір бұлақ» журналы-ның тұрақты оқырмандарының бірі. Толығымен…
Жуырда «Мөлдір бұлақ» журналының редакциясында жаңа шығармалар тұсауы кесілді. Журнал қызметкері Оразбекұлы Кеңес ағаларың өздеріңе базарлық ретінде «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нұрдың ерлік жорықтары», «Қанатты сөз – қазына» атты екі бірдей кітапты жарыққа шығарып, ерледі. Толығымен…
Өткен жүзжылдықта АҚШ-тың шығысында табиғат өзінің күш-қайратын екі рет байқатып (1906 жəне 1989 жылдары), болат пен бетоннан да мықты екенін танытты. Бұл екі жер сілкінісі Сан-Франциско қаласының ойран ботқасын шығарғанымен, бұлар қаланы жермен жексен ететін алдағы үлкен апаттың нышана белгісі еді. Бұл Нострадамустың болжамы емес. Шын мəнінде Сан-Францисконың өзі əулие Андреас деп аталатын 650 мильдік алып жер асты жарықшағының үстіне орын тепкен. Толығымен…
Неміс-американ физигі Альберт Эйнштейн 1905 жылы Цюрих университетінде докторлық диссертациясын қорғайды. Сол жылы ол бірнеше шағын ғылыми мақалаларын жариялап, физиканы бүтіндей өзгерткен «Салыстырмалылық теориясы» атты ұлы жаңалығын ашады. Сөйтіп, Исаак Ньютонның (XVII-XVIII ғғ.) ілгеріден келе жатқан аз жылдамдықтағы механикалық денелер туралы теориясына басқа тұрғыдан өзгеріс енгізді. Яғни: Ньютон теориясы физикалық денелердің қозғалысын жердің тартылыс күші мен заттың массасы, инерциясы бойынша түсіндіретін. Толығымен…
Айжан балабақшаға барады. Бірде құрбысы Айсұлу оған мынадай қызық айтты. Əкесі оны жексенбі күні зообаққа алып барыпты.
Ол жақта жан-жануардың неше түрі бар екен. Айжанның да зообаққа барғысы келді. Жалғыз бара алмайды. Жексенбі күндері ата-анасының басқа шаруаларымен қолы тимейді. Бір күні ауылдан Айжанның əжесі келді. Айжан əжесіне əке-шешесінің зообаққа алып бармайтынын айтып берді. Сонда əжесі: Толығымен…
Мен жазғы демалысымды Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты Алакөлде өткіздім. Маған Алакөл қатты ұнады. Шынында да көлдің беті толқынданып, алабұртып жатады екен. Табиғаттың тамашасына таң қаласың. Көлдің маңында кешке қарай маса өте көп болады екен, шаққан жері кəдімгідей жара болып қалады. Көлге түсіп шыққан соң жаңағы жарадан еш белгі қалмайды. Толығымен…
