Көктем келді, сәнін берді,
Күн шуағын шашып тұр.
Ағаштар да, гүлдер де,
Жайқалып тұр, төгіп нұр.
Айжұлдыз ЕРКЕБАЙ. Павлодар облысы, Ақсу қаласы.
Үлкендердің қазіргі жастар кітап оқымайды деген пікіріне мен де екі қолдап келісемін. Себебі, қазір – ақпарат тасқыны. Мен бір сағат кітап оқығанша, бас ауыртпайтын интернетке кірсем, керегімді таба аламын. Бірақ сол интернет маған жақсы нәрсе бермейді. Онда жамандықтың «вирусы» толып жүр. Біз көрген атыс-шабыспен жеңіске жететін «жақсы» фильмдер, біреуді өлтіріп, жаның рахаттанатын компьютер ойындары кітаптың бір беттік тәліміне жетпейді. Кітап оқымаған бала үйшік емес, банда болып ойнайды. Адам табиғатынан жаман жаққа бейім болғандықтан, амал нешік! Толығымен…
Алматы облысы. Н.ИШТЫМБАЕВА, Жандәулет БУРКИНОВ, Гауһар САТЫБАЛДИЕВА, Гүлім БАЙМУРЗАЕВА, Динара САТЫБАЛДИЕВА, Нұрбек ЖАПАР, Динара ЖОЛДАСБЕКОВА, Дастан ӘКЕМАНОВ – Еңбекшіқазақ ауданы. Алуа БАЙБУНАТОВ, Әлихан БАЙМУНАТОВ – Талғар ауданы. Толығымен…
Қазақстандық балалар мен бүлдіршіндердің сүйікті басылымына айналған «Мөлдір бұлақ» журналының он жылдық белесімен құттықтаймын!
Сіздер егемен еліміздің еркін ойлы ұрпағын тәрбиелеу ісіне үлес қосып келесіздер. Тағылымды басылым арқылы балалар әдебиеті мен шығармашылығын дамытуға кеңінен жол ашылды.
Бал дәурен балалық шақтың қызықтары басылым бетінде үнемі көрініс тапсын! «Мөлдір бұлақтың» тұмасы сарқылмасын, тақырыбы таусылмасын!
Журнал ұжымына шығармашылық табыс, жас авторларға шабыт пен сәттілік тілеймін!
Мерейтойларыңыз құтты болсын!
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Д. Абаев
Марапат
Қазақстан Журналистер Одағы да жас зиялылардың «Мөлдір бұлақ» журналын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Басқарма төрағасы Сейітқазы МАТАЕВ (суретте) бүкіл оқырманға деген игі тілегін арнап, Республика Журналистер Одағының арнайы дипломымен марапаттады. Толығымен…






